Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі V халықаралық Фараби форумы салтанатты түрде қорытындыланды. Ауқымды жиын Үздік студенттік инновациялық жобалар көрмесімен басталды. Форум ашылуында заманауи технологиялардың мүмкіндігі кеңінен қолданылды. Жиылғандарға жасанды интеллект арқылы жасалған Әбу Наср әл-Фарабидің бейнеролигі көрсетіліп, ұлы ғұламаның өсиеті мен ғылыми мұрасы цифрлық нұсқада қайта жаңғырды. Бұл форумның басты мақсаты – өткеннің асыл қазынасын