top of page
Search

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қанша қаражат жұмсалады


2021 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге 400 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуде елеулі сомада үнемдеу болып жатыр. Егер өткен жылдарда ҰБТ-ны қағаз форматта өткізуге 1 млрд теңгеге тарта қаражат жұмсалса, ал биыл 600 млн теңгеден астам үнемдемекпіз. Жалпы, барша шығын сомасын 400 млн теңгемен жабамыз. Алдағы жылда бұл сома төмендетеледі. Өйткені биыл электронды форматқа ауысу үшін тиісті шығындар болды. Енді келесі жылы құрылған жүйеге қолдау жасау мен коммуникация төлемдері ғана қамтылады. Сондықтан 2022 жылы шығындар азаяды», - деді Д. Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде.


Таратылған мәліметке қарағанда, мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді.


Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу электрондық форматта өтеді.


Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыруға болады.


Таратылған мәліметке қарағанда, тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.


Тестілеу нәтижелеріҰБТ аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болады. Әрбір талапкер жеке компьютерде отырып, ҰБТ тапсырмаларын орындайды.


Автор: Руслан Ғаббасов


#ҚР Білім және ғылым министрлігі #ҰБТ


Comentarios


bottom of page