top of page
Search

Болашақтың қазіргі технологиясы: ШҚТУ ғалымдарының микроплазмалық жабдықты қолдануы

12.01.2024.


Микроплазмалық бүрку - бұл ерекше инновациялық технология. Бүрку нәтижесінде жұқа қорғаныс қабатын құру арқылы жасалатын ерекше құрылымы мен қасиеттері бар қабат пайда болады. Ол микроплазмалық бүріккіштің арнайы қондырғысын қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл қондырғыны ғылыми немесе медициналық мақсатта да, өндірістік қажеттіліктер үшін де қолдануға болады. Бұл материалдардың ұзақ уақыт қалпын сақтап тұру үшін қазіргі уақытта қолданатын болашақтың технологиясы. Жоғары функционалды жабындарды жасаумен Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдары айналысады.


«Мен ШҚТУ Smart engineering құзыреттілік орталығының инженер-зерттеушісімін. Бұл қондырғы арқылы әртүрлі материалдардың жабындарын алуға мүмкіндігіміз бар. Олар түрлі металдар, тантал, сымдар мен ұнтақтар болуы мүмкін. Мысалы, жамбас буынының имплантын адам ағзасына орнатуды жайлы ету үшін арнайы қондырғы арқылы титан ұнтағымен қорғаныс қабатын толтырдық», - деді "Автоматтандыру және басқару" мамандығының PhD докторанты Данияр Қалиев.

Smart engineering құзыреттілік орталығы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да машина жасау және тау-кен металлургия кешені саласында смарт-инжиниринг және импортты алмастыру технологияларын дамыту үшін құрылған. Ал микроплазмалық бүрку - бұл үлкен даму перспективасы бар заманауи технология. Шынында да, импланттардан басқа, қондырғы бөлшектердің зақымдалған элементтерін қалпына келтіруге, бөлшектердің ұзақ уақыт қызмет ету мен коррозияға төзімділігі арттыруға, сондай-ақ жиі үйкеліске ұшырайтын бөліктерге керемет мүмкіндік береді.


Жалпы, микроплазмалық бүрку процесі көптеген кезеңдерді қамтиды: ұнтақты материалды дайындау, субстратта жабынды қалыптастыру және т.б. Сондай-ақ, қондырғы - іске асырылып жатқан ШҚТУ ғылыми жобаларында да қолданылады. Мысалы: медициналық импланттардың бетін жұмсақ өңдеу үшін, робот-манипулятордың қозғалысын автоматты басқару жүйесін синтездеу процесінде немесе медициналық өнімдерді дайындау үшін биоүйлесімді жабындарды микроплазмалық жағуды әзірлеу үшін.


Оқыту барысынан бөлек, болашақта плазмалық бүріккіш қондырғыны әртүрлі салаларда көптеген өнімдерді өндіру немесе жақсарту технологияларын енгізу үшін пайдалануға болады.


ВКТУ Микроплазменное напылание


Comments


bottom of page