top of page

Елімізде он жылда 114 балалар үйі жабылды

Jun 3, 2021
1 min read

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина елдегі жетім балалардың саны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бүгінгі таңда республикада 23 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның тек 4 мыңы ғана балалар үйінде тұрады. Ондай мекемелердің саны жылдан-жылға азайып келеді. Тек соңғы 10 жылда жетім балаларға арналған 114 ұйым қысқарды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Оның айтуынша, балалар үйінің қысқаруына қамқорлықсыз қалатын балалардың азаюы түрткі болған.


«Бүгінде елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 96 ұйым жұмыс істейді. Соңғы 10 жылда осы ұйымдардың тәрбиеленушілерінің және жалпы жетім балалардың контингенті ел бойынша 10 мыңға қысқарды. Ал соңғы 3 жылда контингент 2 мың бала тізімнен шығарылды», - деп қорытындылады Юлия Овечкина.



Автор: Есімжан Нақтыбай


#Қоғам #ҚР Білім және ғылым министрлігі


 
 
 

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page