Аттестат және диплом: оқушылар жұмысшы мамандықтарын қалай игереді
Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесі тек теориялық білімге ғана емес, сонымен бірге табысты кәсіби қызметке қажетті практикалық құзыреттіліктерді дамытуға көбірек бағдарлануда. Кәсіптік бағдар беруді ерте бастан жүргізу мен білікті мамандар даярлаудың өзектілігі мемлекеттік бастамалармен дәлелденіп отыр. Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылы бастамашылық еткен мектептегі оқумен қатар жұмысшы мамандығын игеру жобасы 10–11 сынып оқушыларына орта білімді аяқтаумен бірге алғашқы жұмысшы біліктілігін...