Күнсұлу Халиди. Еңбек нәтижесі – студенттердің жетістіктерінде
Халиди Күнсұлу Амантайқызы 20 жылын Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде еңбек етуге арнаған өндірістік оқыту шебері. 1991 жылы Қазтұтынуодағы Целиноград кооперативтік колледжін «Бухгалтерлік есеп және шаруашылықты талдау» мамандығы бойынша, 2015 жылы Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетін «Тамақ өнімдерінің технологы» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Үздік педагог – 2023» байқауының жеңімпазы. – Кәсіби жолыңыз туралы айтып өтсеңіз, осы жолда қандай қызықты...