top of page

Жас педагог математика сайтын құрастырды


Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров мұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша математика сайтын жасап шығарды, – деп хабарлайды білім ордасының баспасөз қызметі.

«nismath.org» деп аталатын онлайн-платформада оқу процесінде пайдалануға болатын түрлі ресурстар мен құралдар жинақталған. Бұл сайтта оқушылардың қосымша теориялық материалдар, сынақ емтихан жұмыстары, әртүрлі типті тест пен олимпиада беті арқылы өздігінен білім алуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, мұғалімдер үшін пәнді оқытудың сапасын арттыру бағытында түрлі тақырыптағы мақалалар, бейнесабақтар мен 600-ге жуық үштілді математикалық терминологиялық сөздіктер мен оқулықтардың электронды нұсқалары жүктелген. Веб-портал қолданушыларына қажетті топқа бөлу және бірігу құралдары, калькулятор және таймер секілді қосымшалар да осы ақпараттық ортадан алуға болады.

– Бұл жұмысты 2018 жылы бастадым. Алғашқыда тек кітаптар мен тест жұмыстарынан құралған бұл платформа кейін әріптестердің ұсыныстары бойынша басқа да мүмкіндіктермен толықты. Мектептің өткен жылғы түлегі Арман Әлішер сайт логотипін жасауға көмектессе, биылғы 12-сынып оқушысы Нұрбол Бижігіт сайттың мобильді қосымшасын дайындауға атсалысты, – деді жас педагог.

Комментарии


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page