top of page
Поиск

Шымкенттік студенттер Қ.Тоқаевтың мақаласын талқылады



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері талқылады.


Әсіресе жастар мақаладан өз бойларына рухани азық алғандығын айтады. Жоғарғы оқу орнындағы «Мұхтартану» ғылыми зерттеу орталығының ғалымдары Мүрсейіт қолжазбасына сүйеніп, қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының транскрипциясын жасап шыққан. Бұл Абайтану тарихында үлкен орын алар ғылыми жаңалық дейді педагогтар. Ұлттың ұстазына айналған Абай Құнанбайұлы «Китаб тасдиқ» шығармасын шағатай тілінде жазған. Қазақтың әдеби тілін түрлендірген Абай тек осы туындысын ғана өзге тілмен өрнектеген. Себебі «Китаб тасдиқ» – көркем шығарма емес, ғылыми еңбек яки трактат. Ал Президент мақаласында азаматтарға, әсіресе жастарға мемлекетті сыйлаудың мән-маңызын түсіндіру қажет екендігі айқын көрініс табады. Осы ретте Абайдың мұрасына зейін қойған абзал екендігіне ерекше тоқталған дейді ғалымдар.


Ақжол Қалшабек, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері:

- Абайдың біз қара сөздеріне біз мән беруіміз керек деген сөзі бізге керемет нәрсе болды. Соның ішінде ғажап жері тек қара сөз деп айтып қоймайды. Бір қара сөз бар ерекше 38-қара сөзі деп ерекшелеп айтқаны тіптен керемет. Енді ол бізге тікелей қатысты. Неге дейсіз ғой? Өйткені біз соңғы кезде 38-қара сөзді арнайы зерттеу нысанына алып, магистрлық дисертация дайындап отырмыз. Бұл жерде үлкен жаңалығымыз бар. Біздің орталықтың қызметкерлері Абайдың осы 38-қара сөзінің транскрипциясын жасап отыр. 38-қара сөздің аты негізі «Китаб тасдиқ» деп аталады. Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page