top of page

Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады - Асхат Аймағамбетов



ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды артық шаруадан босату жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», - деді министр Фейсбук желісінде халық алдында есеп беру барысында.


Оның айтуынша, мұғалім жүктемесін азайту үшін құжаттар саны да қысқартылған.


«Енді мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады. Бұл жұмыстарды қайтадан қарастырып жатырмыз. Бұл тек мектеп мұғалімдеріне емес, мектепке дейінгі ұйымдардың, колледж, жоғары және жоғарғы білімнен кейінгі ұйымдардың педагогтарына қатысты. Педагог тікелей өз функцияларымен ғана айналысуы керек. Тексерушілерге есеп беру сынды мәселелерді қайта қарап, шектеулерді алып тастадық», - деді А. Аймағамбетов.


Comments


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page