top of page

Автокөліксіз күн: Жетісу университетінде экочеллендж өтті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында эко-челлендж ұйымдастырды. Акция аясында қызметкерлер жұмысқа жеке автокөліксіз, велосипедпен келді.



Акцияның негізгі мақсаты – қалалардағы көлік кептелісін азайту, ауаның тазалығын сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің физикалық белсенділігін арттырып, жұмысқа велосипедпен келу мәдениетін қалыптастыру.


Іс-шараға университеттің барлық факультет декандары, оқытушылар, құрылымдық бөлім басшылары мен қызметкерлері белсене қатысты.


«Бүгінгі акция университет қызметкерлеріне жақсы мотивация берді. Олар жеке көліктерінен бас тартып, жұмысқа велосипедпен келді. Велосипедпен жүрудің денсаулыққа да, қоршаған ортаға да пайдасы зор, сондай-ақ ол үнемді. Осындай салауатты өмір салты мен экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған челленджге өзге де жоғары оқу орындарындағы әріптестерімізді шақырамыз!», – деп атап өтті Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев.


Бұл бастама экологиялық таза қала мен салауатты қоғам қалыптастыруға қосылған маңызды үлес ретінде алдағы уақытта да өз жалғасын табады.


Комментарии


© 1999-2026  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page