top of page
Поиск

Ауыл баласына Назарбаев мектебіне түсуге мүмкіндік бар


Бүгін Алматыда химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқоршылық кеңесінің біріккен онлайн-отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Отырысқа білім саласының білікті мамандары қатысып, Кеңес қызметі мен мектептің аталған саладағы жетістіктері және басым бағыттары талқыланды.


Жиын барысында жалпы алаңы 800 шаршы метр «NIS engineering LAB» ашық цифрлық технология зертханасының мектеп аумағындағы болашақ құрылысы талқыланды. NIS-тің жаңа жобасы болашақта қаланың барлық жалпы білім беретін мектептердің шәкірттері үшін де IT-стартаптар мен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға арналған Hub-алаңына айналуы тиіс.


Зияткерлік білім ордасы өткізетін вебинарлар, семинарлар мен шеберлік сыныптарға өңірдің мыңнан астам педагогы қатысады.


Сондай-ақ, НЗМ-ге оқуға түсу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға оқушыларды белсенді тарту туралы мәселе де көтерілді. Қамқорлық кеңесінің мүшелері НЗМ-ге түсу емтихандарын алыс аудандардағы оқушыларды жан-жақты дайындау үшін мүмкіндік беретін алгоритмді талқылады. Яғни, шалғай ауыл оқушылары да осы жерде білім алатын мүмкіндікке ие болатын болды.


Мектептің қамқорлық кеңесінің келесі отырысы 2021 жылы сәуірде болады.


Автор:

Гүлмира Ғосманәли




#Алматы #Білім #Ауылдық аумақтарды дамыту



bottom of page