Бүгін астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
- news_one
- 21 дек. 2020 г.
- 1 мин. чтения

Елордада қатты аязға байланысты қала мектептерінде кезекші топта білім алатын оқушылар қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«21 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының ақпаратында.
Осы уақытта елордада температура бағамы -26 градус аязды көрсетіп тұр.



Комментарии