top of page

Пандемия мұғалімдердің жұмысына қалай ықпал етті – Министр қорытындысы

  • news_one
  • 15 июн. 2021 г.
  • 2 мин. чтения

ree

Пандемия жағдайы мұғалімнің басты қызметі тек ақпарат беру емес, балаларға қолдау көрсету, жанашырлық таныту, оларды ынталандыру, көмек қолын созып, тәлімгер болу екенін де айқындап берді. Бұл пікірді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Сіздерді 26 мамыр - 20 маусым аралығында жазғы мектептердің жұмысына белсене қатысуға шақырамын. Биылғы соңғы қоңырау мерекесінде ерекше сезімге бөленгеніңізді білемін. Өйткені, бір жағынан оқу жылы аяқталып жатса, екінші жағынан – жазғы мектептер жұмыс істей бастады. Біз мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қашықтан білім беруде әріптестерім әлеуметтік желілерді белсенді әрі еркін меңгере бастап, өз сабақтарына ойын элементтерін енгізе бастағанын ерекше атап өткім келеді. Біз, әрине, осындай кәсіпқой мамандарымызды үнемі қолдап, оларды басқалар үшін үлгі етеміз. Бұл үрдіс ұмытылмай, керісінше, одан да үлкен әсерге ие болады деп үміттенемін», - деп жазды министр Facebook желісінде.


Министр оқушыларға тәрбие беру мәселесі мұғалім жұмысында өте маңызды екенін атап өтті.


«Бұл бағытта ата-аналармен бірлесе жұмыс істелуі тиіс. Сіз баламен оның жанында отбасы мен жақындары болмайтын бөтен ортада жұмыс істеп, оқушының бойында болуы мүмкін проблемалары туралы ата-аналарына дер кезінде айта аласыз. Бала отбасында да, мектепте де оған баса назар аударылатынын сезінуі керек. Бұған тек ата-аналармен тығыз байланыста, олармен тең және серіктестік қарым-қатынас құру арқылы қол жеткізуге болады. Балалардың қызығушылығын оятып, оларды қателіктері үшін айыптамаңыз. Керісінше, қателігін түзетуге көмектесіңіз. Сәттілікке ұласпаған әрекетінен кейін үміт пен сенімді жоғалтпауға үйретіңіз. Балалар өзгеше ойлап, өз пікірін білдіргендері үшін олардың ұпайларын төмендетпеңіз», - деп кеңес берді Білім министрі.


Сонымен бірге министр қазір балалардың барынша түсіністікпен қарауды аса қажет ететінін, оларға махаббат пен қамқорлық керек екенін айтты.


«Біз бүлдіршіндеріміздің мектепке барып, білім алғандарын қалаймыз. Сонымен қатар балаларымызды басқалармен салыстырғанымызды тоқтату керек. Пандемия жағдайы мұғалімнің басты қызметі тек ақпарат беру емес, балаларға қолдау көрсету, жанашырлық таныту, оларды ынталандыру, көмек қолын созып, тәлімгер болу екенін де айқындап берді. Бүгінгінің балалары мүлдем өзгеше, олар өздерін еркін ұстайды. Ендігі кезекте олардың бойларындағы жақсы қасиеттерді сақтап, одан әрі дамыту – біздің басты міндетіміз», - дейді А. Аймағамбетов.


Сөз соңында министр әріптестерін вакциналау науқанына белсенді қатысуға шақырды.


«Қымбатты әріптес! Сізді вакциналау науқанында белсенді азаматтық ұстанымыңызды танытып, вакцинация туралы ғылыми деректерді тарату барысында көмек көрсетуіңізді сұраймын. Сондай-ақ аталған тақырып аясындағы жалған ақпаратпен күресуге шақырамын. Мен оқытудың дәстүрлі форматын қолдаймын және бүлдіршіндеріміз үшін мектеп есіктері айқара ашылады деп үміттенемін. Халық вакциналау науқанына неғұрлым белсенді қатысса, әдеттегі өмір ырғағына соғұрлым тезірек оралатынымыз сөзсіз.


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақты қолдауының арқасында пандемия зардаптарын азайту мүмкіндігіне ие болдық. Қиындықтарды еңсеріп, оқу үрдісін қамтамасыз ете алдық. Осы қиын-қыстау кезеңде мен Сізбен бірлесе отырып, жұмыс істеу құрметіне ие болдым. Түсіністік танытып, қолдау көрсеткеніңіз үшін және адал қызметіңіз үшін алғыс білдіремін! Баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін рақмет! Сіз – нағыз батыр, биылғы оқу жылының басты кейіпкері атандыңыз. Сізге сәттілік, мықты денсаулық тілеймін! Өзіңіз бен жақындарыңызға жанашыр болыңыз! Жазғы демалыс кезінде жақсы демалып, жаңа оқу жылына күш-қуатпен оралуыңызды тілеймін. Жаңа оқу жылында жолыққанша!», - деп атап өтті Білім министрі.



Автор: Айжан Серікжанқызы




 
 
 

Комментарии


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page