top of page

Педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлері екі есеге артқан

  • news_one
  • 18 мар. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

ree

Педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлері екі есеге жуық ұлғайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Былтырдан бастап педагогикалық кадрларды дайындауды арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптарын да күшейттік. Осы педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің бұған дейінгі шекті балы 50 болса, қазір оны 75 балға дейін көтердік. Ал осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтардың шәкіртақысы жоғарылады, қазір ол 42 мың теңге», - деді А. Аймағамбетов.


Осы орайда ол бұл қадамдар оң нәтиже беріп жатқанын атап өтті.


«Педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлері екі есеге жуық ұлғайды. Осы мамандыққа түсушілердің орташа балы 90-ға дейін жетті. Бұл мұғалім мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз етеді. Осы реформаның оң нәтижесін көріп отырмыз және бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек», - деді ведомство басшысы.


Бұдан бұрын хабарланғандай, министр педагогтарды тән емес қызметтерге әрі көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданғанын айтты.



Автор: Руслан Ғаббасов

#Білім #ҚР Білім және ғылым министрлігі



 
 
 

Комментарии


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page