top of page

Сенаторлар ғылыми саланы жетілдіру мәселелерін талқылады

  • news_one
  • 4 мар. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

ree

Депутаттар Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында ғылым мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылады. Отырысқа сенатор Нариман Төреғалиев төрағалық етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ғылымды, ғылыми-техникалық саланы жетілдіруге және оның нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген болатын.


«Ұсынылып отырған инновациялар ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл қолданбалы ғылыми жаңалықтардың санын көбейтуге, сондай-ақ ел экономикасын дамытуға ғылымның қосатын үлесін арттыруға көмектесетін болады», - делінген Сенат баспасөз қызметінің мәліметінде.


Өзгерістер еңбек қатынастарына да әсер етеді. Еңбек кодексіне енгізілетін өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен оқытушысына мемлекеттік қызметке кіру және бос мемлекеттік қызметші лауазымына конкурс өткізу тәртібі қолданылмайтын болды.


Комитеттің кеңейтілген отырысына қатысушылар заң жобасы қабылданғанда ғылым саласында мемлекеттік реттеу жетілдіріледі және осы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.


Құжат Палатаның қарауына жіберілді.



Автор: Руслан Ғаббасов


 
 
 

Комментарии


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page