top of page

Ғалымдар QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді

  • news_one
  • 2 февр. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

ree

Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды.


Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.


Инактивті вакцинаның платформасы қауіпсіз болып табылады. Халықтың көпшілігі вакцинаның құрамындағы компоненттерді басқа да вакциналар арқылы бұған дейін де қабылдаған. QazCovid-in препаратын әзірлеу барысында пайдаланылған жалғыз жаңа компонент – белсенді емес вирус.


«Инактивті вакцинаны дайындау технологиясы қарапайым. Ол басқа вакциналарға қарағанда қауіпсіз әрі тиімді әсер етеді. Вакцинаны егу нәтижесінде мықты иммунитет қалыптасады. Мысалы, ауырып, кейін сауыққан адамда пайда болатын иммунитетпен салыстыруға болады. Инактивті вакцинаны дайындау үшін пайдаланылған компоненттердің басым бөлігі ондаған жылдар бойы ғылыми тұрғыда пайдаланылып келеді. Олардың зияны болмаған. Сондықтан біз QazCovid-in әзірлеу үшін вакцинаның инактивті түрін таңдадық», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымы, вирусолог, доктор, профессор Леспек Кұтымбетов.


Бұған дейін вакцинаны әзірлеген ғалымдар, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин клиникалық зерттеулерден тыс, ерікті түрде отандық вакцинаны салдырған болатын.


Бұған дейін вакцинаны әзірлеген ғалымдар, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин клиникалық зерттеулерден тыс, ерікті түрде отандық вакцинаны салдырған болатын.


Ақпарат көзі: 24.kz


#Ғылым #QazCovid

 
 
 

Комментарии


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page