top of page

Қарағанды облысында жұмысшы мамандықтарды дамытуға 4 млрд теңге бөлінді

  • news_one
  • 4 мар. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

Қарағанды облысында жұмысшы мамандықтарды дамытуға 4 млрд теңге бөлінді. Өңірдің жеті колледжінде «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Осы мақсатта оқу орындары жаңғыртылады, заманауи жабдықтар сатып алынады. Студенттерді қажетті мамандықтар бойынша теория деңгейінде оқытып қана қоймай, көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, сервис және т. б. бағыттары бойынша тәжірибелік дағдыларды алуға мүмкіндік жасалады.


Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағандыда жұмыс сапары барысында техникалық-құрылыс және жоғары политехникалық колледждерде болды.


Оқу орнын бітірушілердің бірі Владимир Сарганов газ-электр дәнекерлеуші мамандығын алғанын, оны тәжірибе жүзінде меңгергенін және оқу ордасында оқытушы болып жұмыс істегенін мақтанышпен айтты.


«Қазір колледжде заманауи жабдықтар бар. Онда оқу өте қызық. Бұрын бізде ескі жабдықтар болған және біз кәсіпорындарға тәжірибеге келгенде, қайта даярлықтан өтуге тура келетін, себебі өндірісте жаңа жабдықтар болды. Ал бүгін бізде бәрі бар, сондықтан біз жұмыс процесіне тезірек кірісеміз», - деп атап өтті Владимир Сарганов.


Бүгінгі таңда облыстың жеті колледжінде құзыреттілік орталықтары құрылған, онда 68 шеберхана АҚШ, Италия, Германия, Швеция, Франция, Австриядан келген әлемдік брендтердің заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Олардың тізімі WorldSkills стандарттары ескеріле отырып және кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде қалыптастырылған. Осы колледждердің 190 педагогы оқудан өтіп, сертификат алды.


Жылдың соңына дейін осындай сегіз орталық ашу жоспарланып отыр. Олардың ресурстары оқу процесінде, демонстрациялық емтихандарды өткізу үшін және WSK-ге дайындық кезінде қолданылады. Орталықтардың әлеуеті коммерцияландыру бойынша жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.


«Жыл сайын жұмысшы мамандықтарының беделі қайта жаңғыруда, шеберлік дағдыларын дамыту ерекше құрметке ие. Негізгі мақсат - сұранысқа ие 100 мамандық бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Құзыреттілік орталықтары жалдамалы қызметкерлерді ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерді де дайындайды, оқушыларға бизнес-жобаларды әзірлеуге, өз кәсіпорындарын ашуға көмектеседі», - деді Жеңіс Қасымбек.


Автор: Агата Мухамеджанова




 
 
 

Комментарии

Не удалось загрузить комментарии
Похоже, возникла техническая проблема. Заново подключитесь к интернету или обновите страницу.

© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page