top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, +7 727 327 12 87, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Олжас Бектенов жекеменшік білім беру және медициналық мекемелерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді. Үкімет жетекшісі Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінің алдына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді жою міндетін қойды. Жиында мемлекет сапалы жән


Балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін Заң жобасын әзірледі. Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттырады. Мәселен, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір сп


ҚазҰУ-да жаңа энергоорталық ашылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияспен кездесу өткізді. Жүздесуде жоғары оқу орнының ғылыми-білім беру әлеуетін тиімді пайдалана отырып, энергетика саласына қажетті білікті кадрларды даярлау және заманауи технологияларды дамыту мәселесі қарастырылды. Атап айтқанда қос тарап оқу ордасының базасында энергетика саласындағы салалық технологиялық құзырет орта


Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кезеңі басталды
Қазақстанда алғаш рет Инклюзивті білім беру жөніндегі әлемдік конгресс өтті. Бұл ауқымды халықаралық іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, инклюзивті мәдениетті дамытуға және инклюзивті білім беру саласындағы жаһандық диалогтың жаңа кезеңін бастауға серпін берді. Инклюзивті білім беруді жүйелі дамыту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда және кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында педагог-ассистент штаттары енгізілді. Бұл бастама ерекше білім беру қажеттілікт


Алматыда Роботтар фестивалі басталды
Бүгін Алматы қаласында робототехника саласындағы ірі аймақтық іс-шаралардың бірі - Роботтар фестивалі Daryn FIRST Qualifier 2026 басталды. Фестиваль оқушылардың инженерлік ойлауын, бағдарламалау дағдыларын, жобалық және командалық жұмыс мәдениетін дамытуға бағытталған. Сайыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған сайысқа 200-ге жуық команда, 1500-ден астам оқушы қатысуда. Daryn FIRST Qualifier 2026 - оқушылар


Қазақстандық университет Еуропалық Одақтың Horizon Europe жеңімпазы атанды
Алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орны Horizon Europe бағдарламасының конкурстық іріктеуінде жеңіске жетті. Аталған бағдарлама – Еуропалық Одақтың ең ірі әрі жоғары бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық құралы. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті TiBeRIUM (Titanium and Beryllium for European Resilience and Innovative Utilization of Minerals) халықаралық жобасының қатысушылар қатарына енді. TiBeRIUM жобасы сыни маңызы бар шикізатты жеткіз


Басқарма төрағасы – ректор Ербол Исақаевпен есеп беру кездесуі өтті
Қозыбаев университеті 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс көрсеткіштерін бағалау бойынша кездесу өткізді. Университет қызметіндегі ашықтық қағидатына сәйкес, Басқарма Төрағасы- Ректор Ербол Исақаев университет алдында тұрған негізгі нәтижелер мен міндеттерді атап өтті. «Біздің университет алғаш рет ең беделді әлемдік рейтингтердің біріне- QS World University Rankings 2026-ға кірді. Оған тек 20 қазақстандық ЖОО енді. Біз QS Asia 2025 рейтингіндегі позициямызды жақсарттық, Орт


187 мың адам қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берді
2026 жылғы қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 187 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді
bottom of page
