top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Қазақстан мен Қытай ғылыми серіктестікті дамытып келеді
2 қыркүйекте ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбектің Қытайдың ғылым және техника қауымдастығының (CAST – China Association for Science and Technology) атқарушы президенті Цзюнькэ Хэ бастаған делегациясымен кездесуі өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кездесуге ҚХР Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь, Қытайдың ғылым және техника қауы


Жұлдыз Сүлейменова «Абай ұлттық мектебінің» түлектерімен, педагогтерімен және оқушыларымен кездесті
Оқу-ағарту министрінің м.а. Жұлдыз Сүлейменова Алматыға келіп, «Абай ұлттық мектебіне» барды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Алдымен Жұлдыз Сүлейменова мектеп түлектерімен кездесті. Олардың арасында журналистер, айтыскерлер мен белгілі қоғам қайраткерлері болды. Кездесу ашық сұрақ-жауап форматында өтті. Түлектер соңғы күндері әлеуметтік желілерде мектепке қатысты көтерілген барлық сауалды тікелей қойд


Қазақстан мен Үндістан білім беру және құқық қорғау саласында кадр даярлау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр
Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы мен NFSU Ұлттық сот ғылымдары университеті (Үндістан, Гандинагар қаласы) арасындағы қос дипломды білім беру бағдарламаларының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ағымдағы оқу жылында магистратура бағдарламаларына 20 білім алушы қабылданды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғар


Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жүлдегерлерімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21 лауреат, сондай-ақ олардың ұстаздары мен тәлімгерлері шақырылды. Физика, химия, биология, математика, информатика, география және лингвистика пәндерінен беделді білім сайысында топ жарған жеңімпаздардың алтауы – алтын медаль, он бірі – күміс, төртеуі – қола медаль иегерлері. Президент білім сайысы


Auezov University студенттері Harbin Engineering University ұйымдастырған жазғы мектеп бағдарламасына қатысты
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері Harbin Engineering University ұйымдастырған жазғы мектеп бағдарламаларына қатысып, халықаралық академиялық және мәдени тәжірибемен бөлісіп қайтты. Бағдарлама барысында Auezov University студенттер академиялық семинарларға, мәдени және білім беру іс-шараларына қатысып, Қытайдың жоғары білім беру жүйесімен және халықаралық студенттік ортамен танысты. Жазғы мектеп студенттер үшін академиялық білімдерін кең


Қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық чемпионатта 23 жүлде иеленді
13-16 тамыз аралығында Бейжің қаласында FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионаты өтті. Қазақстан атынан жарысқа 23 команда қатысты. Чемпионатқа әлемнің 25 елі мен өңірінен 375 команда жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар үш екінші, бес үшінші орынға ие болып, 15 арнайы жүлде жеңіп алды. II орын: RoboRangers: Harmony School, Астана қаласы; SBIL·LION·AIRES: «Білім-Инновация» лицейі, Семей қаласы; KAZBOTS: Оқушылардың инновациялық


3–5 жастағы балаларды дамытуға арналған нейроойындар
Бүгінгі балалар цифрлық технологияларға, ақпарат ағындарына және зияткерлік дамуға қойылатын жоғары талаптарға толы әлемде өсуде. Алайда парадокс сонда, сыртқы стимулдардың көптігіне қарамастан, мектеп жасына дейінгі балалардың көбісі зейінді шоғырландырудың қиындықтарын, сөйлеу белсенділігінің төмендеуін, қозғалыс үйлесімділігінің жеткіліксіздігін және ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін көрсетуде. Бұл алаңдатарлық үрдіс Қазақстанның барлық өңірлерінде педагогтер мен


«Жошы ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің перспективті бағыттары» тақырыбында Ұлттық ғылым академияның кеңейтілген отырысы өтті
2026 жылдың 13 тамызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің перспективті бағыттары» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын жүйелі әрі кешенді зерттеудің басым бағыттарын айқындау, ғылыми зерттеулерді үйлестіру және осы саладағы жаңа ғылыми бастамаларды талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Кеңейтілген отырыстың негізгі мақсаты – Жо


Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың білікті кадрларға деген ұзақ мерзімді сұранысын ескере отырып қалыптастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру гранттарының 60%-ы бүгінде елдің индустриялық және технологиялық да


Қазақстанның болашақ инженерлері италиялық MAIRE компаниясының бағдарламасы аясында халықаралық тәжірибе жинақтады
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде италиялық MAIRE компаниясы жүзеге асыратын «Jaryq Academy» халықаралық білім беру бағдарламасының алғашқы легінің жабылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында бағдарламаны табысты аяқтаған қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды. «Jaryq Academy» – өндіріс, бизнес және жоғары білім беру саласын тоғыстыратын халықаралық білім беру бастамасы. Бағдарлама жас инженерлерді әлемдік инженерлік стандарттарға сәй


Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті түрік жоғары оқу орындарымен байланысын кеңейтуде
Жаһандану дәуірінде жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты бағыттарының бірі – интернационализация, яғни білім беру мен ғылымды халықаралық деңгейге шығару, шетелдік әріптес университеттермен тығыз байланыс орнату үдерісі. Бұл бағыт әлемдегі беделді жетекші университеттердің тәжірибесін ұлттық жоғары білім жүйесіне енгізуге, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыруға, бірлескен ғылыми зерттеулер мен қос дипломды бағдарламаларды


Auezov AI First: білім, ғылым және басқарудағы жасанды интеллект шешімдері
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жасанды интеллектіге негізделген барлық жобаларды бір экожүйеге біріктіріп, оларды жүйелі түрде дамытуға бағытталған Auezov AI First бірыңғай бастамасы жүзеге асырылады, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жоба университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және басқару қызметтеріне жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуді көздейді. Б


Алтын Орда тарихын оқытудың инновациялық тәсілдері енгізіледі
Бүгін Абай университетінде «Мектеп және жоғары оқу орнындағы білім берудегі Алтын Орда тарихы» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті. Отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, тарихшылар мен педагогтар Жошы ұлысының мұрасын заманауи білім жүйесіне интеграциялаудың жаңа тұжырымдамасын талқылап, мектеп оқулықтары мен ЖОО білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға бағытталған қарар қабылдады. Халықаралық басқосу Алтын Орданың ортағасырлық Еуразия тарихындағы, соның ішінде қазақ м


1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда
Еліміздегі барлық мемлекеттік мектептерде, оның ішінде «Келешек мектептерінде» де, 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда. Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы (oqu.edu.kz), eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей барып, қағаз түрінде беруге болады. «Келешек мектептеріне» қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар басым құқыққа ие. Сонымен қатар, бос орын болған жағдайда ата-аналар (заңды өкілдер) кез келген мемлекет


Қазақстандық оқушылар Гонконгте робототехника жарысында топ жарды
Қазақстандық оқушылар халықаралық FIRST LEGO League Hong Kong Championship 2026 чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы чемпионатқа әлемнің 30-дан астам елінен 120 үздік команда, 900-ден астам оқушы қатысты. Халықаралық білім беру және робототехника саласындағы беделді алаңдардың біріне айналған жарыста Алматы қаласынан қатысқан екі команда жүлделі орындарға ие болды. PhysTech School Almaty мектебінің «PEAK» командасы чемпионаттың ең


С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ШЫҰ елдері ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының V форумына қатысты
2026 жылғы 6–9 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің ұйымдастыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының V форумы және Жібек жолы ауыл шаруашылығы білімі мен ғылыми инновациялар альянсының XI жыл сайынғы конференциясы өтті. Форум «Технологиялық инновациялар – болашақ ауыл шаруашылығына бастар жол, өзара тиімді ынтымақтастық –


Астанада 2035 жылға дейінгі Бас жоспар аясында 140-қа жуық жаңа мектеп салу көзделген
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында 2035 жылға дейін 140-қа жуық жаңа мектеп салу жоспарланғаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Білім беру жүйесін дамыту кешенді тәсілді талап етеді. Сол себепті біз заманауи білім беру ұйымдарын салумен қатар, педагог мамандарын даярлау ісіне де ерекше көңіл бөліп келеміз. Мәселен, соңғы жылдары педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған


233 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды
233 мыңға жуық талапкер 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 73,1%-ға жуығы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырды (2025 ж


Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді
Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім додасында ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 2026 жылғы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль жеңіп алды. Биылғы олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындап, білімдері мен ғылыми даярлық


Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламалары бойынша Қазақстанда алғашқы түлектер оқуын аяқтады
Бүгін Петропавл қаласында Kozybayev University мен Аризона университетінің бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша білім алған алғашқы түлектерге бірден екі диплом – қазақстандық және америкалық жоғары оқу орындарының дипломдары табысталды. Салтанатты рәсім жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жоғары білім
bottom of page

