top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, +7 727 327 12 87, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Біздің міндет – ауылда да, қалада да бірдей мектеп инфрақұрылымын құра отырып
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Министр өңірдің бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, педагогикалық ұжымдармен кездесулер өткізді , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Әсіресе, білім сапасын арттыру, шағын жинақты мектептерде оқу процесін ұйымдастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық тәрбие беру, ата-аналарды


Жетісу университетінде Студенттік Ассамблея ашылды
Жастар арасындағы көшбасшылықты, бастамашылдықты және ұлтаралық келісімді дамытуға бағытталған Студенттік Ассамблея еліміз бойынша алғаш рет Жетісу университетінде өз жұмысын бастады. Бұл жаңа ұйым студенттердің азаматтық белсенділігін арттырумен қатар, этносаралық келісім мен патриоттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталмақ. Іс-шараның модераторы – әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев болды. Ол өз сөзінде Студенттік Ассамблеяның ашылуы универс


Ғылым ордасында ұлттық руханияттың негізін қалаған үш алып – Әл-Фараби, Шоқан, Абай мұрасына арналған конференция өтті
2025 жылғы 4 қарашада Ғылым ордасында «Қазақстанның ғылым мен мәдениет тарихының үш алыбы: “Әл-Фараби – Шоқан – Абай” руханият тәрбиесінің темірқазығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция ғылым мен өнер тоғысындағы ұлт руханиятының үш ірі тұлғасы – әмбебап ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің (1155 жыл), көрнекті ағартушы, ғалым және этнограф Шоқан Уәлихановтың (190 жыл) және қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының (180 жыл) мерейтойлар


ММХҚИ-дың Қазақстандағы филиалының алғашқы студенттері студенттік билеттерін алды
Еуразия ұлттық университеті базасындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) Қазақстандағы филиалының бакалавриат және магистратура бағдарламаларының алғашқы студенттеріне студенттік билеттерді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов табыстады , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Іс-шараға университет басшылары, Ресейді


Сейфуллин университеті мен Беларусь мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы аграрлық білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтты
Минск, 2025 жылғы 2 қараша — С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің (ҚАТИУ) делегациясы Басқарма төрағасы – ректор Қанат Тіреуовтің басшылығымен Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясына (БМАША) ресми сапар жасады. Академия — Октябрь Революциясы мен Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Беларусь Республикасының Горки қаласында орналасқан. ҚАТИУ делегациясының құрамына Ержан Ахметов – Инжиниринг және тамақ технологиялары институтының директор


Азаматтық авиация академиясы Nis global conference 2025 форумында: ниш түлектері үшін жаңа мүмкіндіктер
Астанада автономды білім беру ұйымы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» өткізетін халықаралық конференция – XIV NIS Conference 2025 өтуде. Биылғы форумның тақырыбы: «Цифрлық дәуірдегі мектеп білім беруі: негізгі үрдістер мен сын-қатерлер». Форумға АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланд, Финляндия, Аустралия, Гонконг елдерінен келген жетекші сарапшылар мен зерттеушілер, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері –


ҚР Ғылым және жоғары білім министріне Ұлыбритания кеңесінің марапаты табысталды
Астанада өткен Халықаралық стратегиялық серіктестер форумының аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке Plaque of Appreciation – Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі мен British Council атынан берілген марапат табысталды , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұл марапат Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі мен кө


Жаңа білім беру траекториясының ашылуы: ЕҰУ базасындағы ММХҚИ
Еуразия ұлттық университеті базасында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) Қазақстандағы филиалы өз қызметін бастады. 2025 жылғы 1 қарашада алғашқы 103 студентке ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов студенттік билет табыс етті , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Студенттік билеттерді табыстау рәсімінде ММХҚИ ректоры


Елімізде республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысы өтті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп, дәстүрлі түрде екінші жыл қатарынан республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысын ұйымдастырды. Биылғы айтыс «Жасанды интеллект пен еңбек адамы» тақырыбына арналды , передает журнал «Современное образование» со ссылкой на пресс-службу МП РК. Додаға еліміздің 20 өңірінен 10-18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысты. Айтыстың басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, жас дарындарды қолда


Абай облысының Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды
Бүгін Аягөз қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, ұстаздар, оқушылар және ата-аналарды айтулы оқиғамен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің бастамасымен қолға алынған "Келешек мектептері" жобасы аясынд


Әуезов университетінің проректоры «Тұрақты кампустар: БРИКС университеттерінің климаттық күн тәртібіне араласуы» атты халықаралық панельдік пікірталасқа қатысты
2025 жылғы 30 қазанда Санкт-Петербургте «Тұрақты кампустар: БРИКС университеттерінің климаттық күн тәртібіне тартылуы» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Іс-шара аясында «жасыл» университеттерді дамыту және жоғары білім беру жүйесінің тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетудегі рөлі талқыланды. Пікірталасқа БРИКС елдерінің жетекші университеттерінің өкілдері, сондай-ақ экология, тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы сарапшылар қатысты. М. Әуезов атындағы Оңт


SDU University – Академиялық адалдық лигасының төрағасы
Биыл SDU University еліміздің жоғары оқу орындарын біріктіретін Академиялық адалдық лигасы қауымдастығының төрағасы қызметін атқарады. Миссиясы мен міндеттері Академиялық адалдық лигасы – Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қауымдастығы. Бұл ұйымның басты мақсаты – білім мен ғылымда сенім мен ашықтық сияқты адалдық қағидаларын насихаттау, студенттердің және оқытушылардың академиялық мінез-құлқына жоғары стандарттар енгізу.


Жұлдыз Сүлейменова Абай облысында болып, ауыл мектептерінің білім сапасын тексерді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Абай облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі үш аудан - Бесқарағай, Аягөз, Жарма аудандарының шалғайдағы ауылдарында орналасқан білім беру ұйымдарын аралады , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Өңір басшысы Берік Уәлимен бірге Аягөз қаласында«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған заманауи үлгідегі 600 орындық жаңа мектептің ашыл


Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы болып танылды
Қазақстан оқушыларының робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында биыл қатарынан төртінші жыл айрықша жеңіске жетіп, тағы да тарихи жетістікке қол жеткізді , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен біздің оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды: GR


Астанада Satbayev University инженерлік кампусы ашылды
Елордада Satbayev University-дің жаңа инженерлік кампусының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Жаңа кампус инженерлік білім, ғылым және инновацияны біріктіретін, академиялық дайындық пен өндірісті ұштастыратын инженерлік орталыққа айналмақ. Қазақстанның алғашқы ұлттық зерттеу техникалық университетінің Астанадағы бұл инженерлік кампусы солтүстік өңірлердің өндірістік салаларына қажет жаңа буын инженерлерін дайындайды. Заманауи ғылыми


ММХҚИ-дың Қазақстандағы филиалының алғашқы студенттері студенттік билеттерін алды
Еуразия ұлттық университеті базасындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) Қазақстандағы филиалының бакалавриат және магистратура бағдарламаларының алғашқы студенттеріне студенттік билеттерді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов табыстады , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Іс-шараға университет басшылары, Ресейдің


Қазақстанда алғашқы агроклиматтық көміртекті полигон ашылды
Жаһандық климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелер жағдайында көміртекті егіншілік аграрлық секторды дамытудың стратегиялық бағытына айналуда. ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Мемлекет басшысының климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ҚР 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2025 жылғы 30 қазанда Қазақстанда алғашқы агроклиматтық көміртек


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Eurasia Foundation (from Asia) қорының грантын иеленді
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Eurasia Foundation (from Asia) қорының грантына ие болып, «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері» атты жаңа оқу курсын әзірлеу және енгізу жобасын бастайды. Аталған курс 2026 жылғы наурыз бен маусым айлары аралығында жүзеге асырылады және Орталық Азия аймағындағы экономикалық, саяси және мәдени интеграцияның түрлі қырларын қамтиды. Бағдарлама студенттердің талдамалық және зерттеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ интер


Жетісу университетінің студенті Азия чемпионы және жаңа әлем рекордтарының иегері
2025 жылдың 25–30 қазан күндері Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Әлихан Әскербай алтын медаль жеңіп алды. Әлихан 172 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында әлем, Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты. Жұлқа көтеруде – 144 келі, бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы жаңа әлемдік рекорд ретінде тіркелді. Серпе көтеруде де үздік нәтиже к


Алматыда зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада Ашық есік күні өтті
Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада дәстүрлі Ашық есік күні өтті , «Замануи білім беру» журналы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, студенттер, әлеуметтік және медициналық мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және оқырмандары қатысты. Ашық есік күні аясында «Ерекше жандарға ерекше кітаптар» және «ҚР тарихи және
bottom of page
