Auezov University: білім берудегі тәлімгерлік: оқытудың тиімді моделі
- Редакция "СО"

- 1 day ago
- 1 min read
2026 жылдың 23 қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Оқу әдістемелік орталығының басшысы Хамитова Барна Махаматовна «Білім берудегі тәлімгерлік: оқытудың тиімді моделі» тақырыбында оқу ордасындағы 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас оқытушыларға оқу-әдістемелік семинар өткізді.

Әдістемелік семинар барысында тәжірибелі және білімді аға буын өкілінен жас оқытушыларға білім мен дағдыларды берудің тиімді тәсілдері, сондай-ақ университеттегі тәлімгерлік технологияларындағы оқытушылардың құзыреттілігін арттыру мәселелері қарастырылды. Оған тәлімгерлік модельдер, нысандар және тәлімгермен жас оқытушылар арасындағы өзара әрекеттесудің технологияларымен танысу мәселелері қаралды.
Жетекші педагогтар тәлімгерлік жүйесінің жоғары сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оңтайлы жағдайлар жасау, тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын арттыруға ықпал ететін тиімді модельдерді пайдалану бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.



Comments