Ғылым ордасы мен Философия, саясаттану және дінтану институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
- Редакция "СО"

- 3 hours ago
- 1 min read
2026 жылғы 20 қаңтарда Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум екі ұйым арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, ғылым мен ақпараттық-талдамалық қызмет саласында бірлескен жобаларды дамытуға, ортақ ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ тәжірибе мен ғылыми ақпарат алмасуға бағытталған.
Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, ғылыми ақпарат пен тәжірибе алмасу, ортақ іс-шаралар ұйымдастыру, серіктестік байланыстарды кеңейту және халықаралық тәжірибелерді тарту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, бірлескен жұмыстың жол картасы бекітілді. Жол карта аясында зерттеушілерге Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының материалдарын зерделеуге, ғылыми жобалар мен жарияланымдарға қатысуға, ағартушылық іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ академиялық алмасуды дамыту, маңызды дереккөздерге қолжетімділікті кеңейту және ғылыми-мәдени мұраны сақтау мәселелеріне басымдық берілмек.
Аталған меморандум екі ұйымның ғылыми әлеуетін арттырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және еліміздегі ғылыми қауымдастықтың өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.



Comments