top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


GylymFablab командасы АҚШ-тағы әлем чемпионатында ширек финалға өтті
Америка Құрама Штаттарында өткен 2026 VEX Robotics World Championship әлемдік біріншілігінде Қазақстан намысын қорғаған «Ғылым ордасы» жанындағы «GylymFablab» зертханасының «2448W Samuryq» командасы жоғары нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, аталған доданың «High School» санатында Орталық Азия өңірінен қатысқан жалғыз команда болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 2000-нан астам таңдаулы команда арасында отандық оқушылар ерекше дайындықтары мен инженерлік шеберліктерін паш етті. Н


«Ғылым ордасы» қоры халықаралық ғылыми басылымдармен толықты
2026 жылғы 21 сәуірде «Ғылым ордасы» қорына АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы тарапынан 100-ден астам ғылыми басылымнан тұратын бірегей кітаптар топтамасын табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға АҚШ Бас консулы Мишель Еркін, «Ғылым ордасы» РМК бас директорының міндетін атқарушысы Азамат Нұршанов, консулдық өкілдері және Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері қатысты. АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркін бұл жобаны екі елдің ғылыми әлеуетін тоғыстыратын бірегей платформа ретінде


Реставрация саласындағы озық тәжірибе: Ғылым ордасында реставрациялық шеберлік сабақтары өтті
2026 жылғы 27 наурызда Ғылым ордасында «Қазақстанның жазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру: заманауи тәсілдер мен ғылыми тәжірибе» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар аясында еліміздің тарихи жәдігерлерін сақтау ісін жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей шеберлік сабақтары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — тарихи құнды жәдігерлерді сақтау және қалпына келтіру саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және реставрация бағытындағы


Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ғылыми ынтымақтастық меморандумына қол қойды
2026 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Франция ұлттық кітапханасындағы парсы тіліндегі қолжазбалар: тарихы, коллекционерлер және каталогтардың ерекшеліктері» тақырыбында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының V отырысы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – рухани мұра мен жазба мәдениетін зерттеу, сақтау және кеңінен насихаттау бағытындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту. Отырыс барысында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының 2026 жылға а


Ғылым ордасы мен Философия, саясаттану және дінтану институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
2026 жылғы 20 қаңтарда Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум екі ұйым арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, ғылым мен ақпараттық-талдамалық қызмет саласында бірлескен жобаларды дамытуға, ортақ ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ тәжірибе мен ғылыми ақпарат алмасуға бағытталған. Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми-


Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау және зерттеу мәселелері талқыланды
2026 жылғы 12 қаңтарда Ғылым ордасында BR28712621 «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» ғылыми жобасы аясында зерттеуші ғалымдармен кездесу өтті. Кездесуге Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов, Жоба жетекшісі Нұрлан Атыгаев, Қолжазбатану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ықтияр Палтөре және шығыс тілдеріндегі қолжазба мұраны зерттеуші ғалымдар қатысты. Жиын барысында жобаның оры


Ыстанбұлдағы Рами кітапханасында алғаш рет «Қазақстанның ғылыми және әдеби бұрышы» ашылды
2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Рами кітапханасында «Қазақстанның ғылыми және әдеби бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Рами кітапханасында «Қазақстанның ғылыми және әдеби бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған бастама алғаш рет Қазақстан Республикасы Ғылым


Қазақ ғылымының қара шаңырағы: дәстүр мен жаңғыру үндестігі
Ғылым ордасы – қазақ ғылымының алтын діңгегі, еліміздің рухани және ғылыми өміріндегі аса маңызды мекеме. Ол тек өткеннің құнды мұрасын...


Ғылым ордасы: «Абай мектебі және ұлт зиялылары» халықаралық іс-шара өтті
2025 жылдың 28 мамырында Ғылым ордасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мектебі және ұлт зиялылары» тақырыбында...


«Ғылым ордасы» Иранның жетекші мәдени мекемелерімен ынтымақтастық орнатты
2025 жылдың 19 мамырында «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Ұлар Мұқажанов бастаған делегация Иран Ислам...
bottom of page

