GylymFablab командасы АҚШ-тағы әлем чемпионатында ширек финалға өтті
- Редакция "СО"

- 1 hour ago
- 1 min read
Америка Құрама Штаттарында өткен 2026 VEX Robotics World Championship әлемдік біріншілігінде Қазақстан намысын қорғаған «Ғылым ордасы» жанындағы «GylymFablab» зертханасының «2448W Samuryq» командасы жоғары нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, аталған доданың «High School» санатында Орталық Азия өңірінен қатысқан жалғыз команда болды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 2000-нан астам таңдаулы команда арасында отандық оқушылар ерекше дайындықтары мен инженерлік шеберліктерін паш етті.
Нәтижесінде «Samuryq» командасы Innovate Division бағыты бойынша ширек финалға дейін жетіп, әлемдік рейтингтегі үздіктер қатарынан көрінді.
Осылайша, «GylymFablab» зертханасының шәкірттері әлемдік додада үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін паш етті.
Бұл жетістік — отандық робототехника саласының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенінің айқын дәлелі. Биік белестерді бағындыратын интеллектуалды ұрпақтың жеңісті жолдары жалғаса бермек.



Comments