Алматыда «Сириус» таланттар саммиті алғаш рет өтті
- Редакция "СО"

- 4 hours ago
- 1 min read
2026 жылғы 17 қаңтарда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен «Сириус» таланттар саммитінің салтанатты ашылуы өтті. Саммитке еліміздің түкпір-түкпірінен келген «Келешек мектептердің» педагогтері мен оқушылары қатысты.

Саммиттің алғашқы күні «Үлкен сын-қатерлер» атты ғылыми-технологиялық жобалар көрмесі ұйымдастырылып, жас зерттеушілер өздерінің үздік идеялары мен инновациялық әзірлемелерін таныстырды. Сонымен қатар пәндік секциялық сабақтар өтіп, оқушылар мен мұғалімдер сарапшылармен бірге ғылыми тұжырымдамалар мен заманауи технологиялық шешімдерді терең талқылады.
Саммиттің екінші күні педагогтер үшін лекциялар, кәсіби мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу форматында өтті. Ал оқушылар тәжірибелік жұмыстар орындап, эксперименттер жүргізіп, өздерінің практикалық дағдылары мен қолданбалы ойлау қабілеттерін көрсетті.
«Сириус» саммиті өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.



Comments