2026 жылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ның алғашқы екі аптасында 67 мыңнан астам талапкер тестілеуден өтті. Талапкерлердің 66,99%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 32,88%-ы орыс тілінде және 85 адам ағылшын тілінде тапсырды. Екі апталық тестілеу қорытындысы бойынша талапкерлердің 61%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 59 балды құрады. Ең жоғары нәтиже –136 балл. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 192 талапке