Астанада 15 жасқа дейінгі балалардың басын қосқан Bala Fest фестивалі өтті. «Астана» саябағында ұйымдастырылған шарада 200-ге жуық жас қатысушы спорт, робототехника және шығармашылық бағыттар бойынша 11 түрлі сайыста бақ сынап, қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелері туралы пайдалы ақпарат алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жас қатысушылар VEX робототехникасы, робо-сумо және робофутбол бойынша шеберлік сабақтары мен сайыстарда бақ сынады. Сондай-ақ асық ату,