Бұған дейін Абай университетінде 4–12 қараша аралығында дәстүрлі «Ұлттық диктант» жобасы өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды шара бүгін өз мәресіне жетті. Диктант жазу жобасына университеттің әкімшілік басқару жүйесінен бастап, барлық деңгейдегі қызметкерлер мен студенттер қатысты. Қазіргі таңда орта мектептерде диктант жазу дәстүрі сирей түскені