Бұл орталық жасанды интеллект, машиналық оқыту және цифрлық инновациялар бағытындағы заманауи зерттеулер мен тәжірибелерге арналған алаңға айналады. Орталықтың құрылуы Astana IT University мен әлемдегі ең инновациялық компаниялардың бірі – Perplexity AI арасындағы әріптестік жөніндегі келісімге қол қоюдың нәтижесінде мүмкін болды. Аталған келісімнің бастамашысы және үйлестірушісі ретінде Astana IT University халықаралық серіктестікті орнату мен дамытуда маңызды рөл атқарды. «