Astana IT University базасында Perplexity AI-дың ғылыми-зерттеу орталығы ашылады
- Редакция "СО"

- 3 days ago
- 1 min read
Бұл орталық жасанды интеллект, машиналық оқыту және цифрлық инновациялар бағытындағы заманауи зерттеулер мен тәжірибелерге арналған алаңға айналады.

Орталықтың құрылуы Astana IT University мен әлемдегі ең инновациялық компаниялардың бірі – Perplexity AI арасындағы әріптестік жөніндегі келісімге қол қоюдың нәтижесінде мүмкін болды.
Аталған келісімнің бастамашысы және үйлестірушісі ретінде Astana IT University халықаралық серіктестікті орнату мен дамытуда маңызды рөл атқарды.
«Біз үшін бұл келісімнің бастамашысы дәл Astana IT University болғаны маңызды. Ынтымақтастық аясында Perplexity Astana IT University-ді және еліміздің өзге де ғылыми ұйымдарын өздерінің бета-тестілеу бағдарламасына қосуды, сондай-ақ AITU базасында Perplexity зерттеу орталығын (R&D) ашу мүмкіндігін қарастырып отыр. Сонымен бірге, біз Perplexity технологияларын оқу бағдарламаларына, зерттеу жобалары мен зертханалық жұмыстарға енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жасанды интеллект саласындағы білім мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді», –деді Astana IT University ректоры Альтаир Ахметов.
Бұл әріптестік Қазақстанға жасанды интеллект технологияларын кеңінен игеруге, сондай-ақ әлемдік инновациялық экожүйеде өз орнын нығайтуға жол ашады.
Perplexity туралы
Perplexity – жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды жүйе, ол сенімді дереккөздерге сүйене отырып, сұрақтарға дәл жауап береді және дереккөздерге сілтемелерді ұсынады. Сонымен қатар, ол терең зерттеулер жүргізуге және ақпаратты тиімді іздеуге көмектеседі. 2022 жылы құрылған компанияның мақсаты –дәстүрлі іздеу жүйелерінің мүмкіндіктерін жасанды интеллект интерфейстерімен біріктіре отырып, ақпарат іздеудің сапасын арттыру. Қазіргі таңда Perplexity әлем бойынша аптасына 150 миллионнан астам сұраққа жауап береді. Қосымша мобильді дүкендерде және https://www.perplexity.com сайтында қолжетімді.



Comments