Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде KazChessLab инновациялық зертханасының ашылу салтанаты өтті. Аталған жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен QyzPU мен Қазақстан шахмат федерациясы арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, федерацияның вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов, сондай-ақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универ