Қазақстанға ресми сапармен келген Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты. Аталған кешен спорт саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады және көпсалалы орталық ретінде қызмет етпек. Нысанның құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Университеттің салынуы Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орынд