Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері Тяньцзинь қаласында (ҚХР) өткен World Vocational College Skills Competition 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында қола медальға ие болды , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. World Vocational College Skills – техникалық жоғары оқу орындары үшін кадр даярлау саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі.