Бүгін Аягөз қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, ұстаздар, оқушылар және ата-аналарды айтулы оқиғамен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің бастамасымен қолға алынған "Келешек мектептері" жобасы аясынд