2025 жылдың 9-13 желтоқсан күндері Астана қаласында ауыл мектептерінің 10-11(12) сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы төртінші, қорытынды кезеңі өтеді. Қорытынды кезеңде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша екі тур ұйымдастырылады. Биылғы сайысқа еліміздің барлық өңірінен 432 оқушы жолдама алды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл оқушыларының қабілеттерін ашу, дарынды, білімді балаларды анықтау және олардың интеллектуалдық