Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың жаңа механизмін әзірледі, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұған дейін балабақша орындарына кезектің вертикалды қағидатпен қалыптасуы, мемлекеттік тапсырыстың нақты бір мектепке дейінгі ұйымға бекітілуі және қаржыландырудың нақты қ