Қазақстан Республикасының білім беру саясатының негізгі қағидаттарының бірі – мектепке дейінгі жастан бастап тұлғаның үздіксіз дамуы мен өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін білім беру сабақтастығын жүзеге асыру. Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы жүйелі өзара іс-қимылды қалыптастыру – баланың сәтті әлеуметтенуі мен білім беру ортасына үйлесімді түрде бейімделуінің маңызды шарты. Білім беруді жаңғырту жағдайында сабақтастық мәселелері бойынша жинақталған теориялық және