Жаңа білімге қадам. Қозыбаев университеті Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп «Бастауыш білім берудегі шахмат» кабинетін ашты. Ол теориялық және практикалық сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қажетті құралдармен жабдықталған. Енді болашақ бастауыш сынып мұғалімдері – «Шахмат мұғалімі» білім беру модулін меңгеру мүмкіндігіне ие. Жоғары оқу орындарында қосымша кәсіптік даярлаудың мамандандырылған бағдарламасы шахмат теориясын оқуды педагогикамен, психологиямен және