ҚР Оқу-ағарту министрлігі барлық мектепке дейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында медиация жүйесін іске қосуда. Бұл бастама балалар, студенттер, педагогтар мен ата-аналар арасындағы түсініспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа құрылым буллингтің алдын алуға бағытталады. Балабақшаларда аталған құрылым тәрбиешілер мен ата-аналарға бүлдіршіндер арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге көмектеседі. Сондай-ақ, балалардың