Жаңа оқу жылында мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарына 3662 оқушы мен студент қабылданды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10%-ға көп. Сонымен қатар мамандар даярлау бағыттары кеңейіп, Солтүстік Қазақстан облысында ашылған Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жаңа өкілдігіне қосымша гранттар бөлінді. Биыл шығармашылық білім беру ұйымдарында екі жаңа білім беру бағдарламасы ашылды. Қазақ ұлттық өнер университетінде алғаш рет «Инклюзивті театр әр