Астанадағы №8 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Президент Архивіне барып, ел тарихына қатысты маңызды құжаттармен танысты. Танымдық экскурсия «АрхивSPACE» жобасы аясында өтіп, оқушылардың архив ісі мен тарихқа қызығушылығын арттыруды мақсат етті. Алдымен балаларға «Конституция – демократияның манызды институты» көрмесі таныстырылды. Экскурсияның ең тартымды бөлігі – архивтің зертханалық корпусына саяхат болды. Мұнда оқушылар құжаттардың қалай қалпына келтірілетінін, қалай ци