top of page

Оқушылар Президент Архивінің құжаттық мұрасымен танысты

Астанадағы №8 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Президент Архивіне барып, ел тарихына қатысты маңызды құжаттармен танысты. Танымдық экскурсия «АрхивSPACE» жобасы аясында өтіп, оқушылардың архив ісі мен тарихқа қызығушылығын арттыруды мақсат етті.


ree

Алдымен балаларға «Конституция – демократияның манызды институты» көрмесі таныстырылды.


Экскурсияның ең тартымды бөлігі – архивтің зертханалық корпусына саяхат болды. Мұнда оқушылар құжаттардың қалай қалпына келтірілетінін, қалай цифрландырылатынын көрді. Ал оқу залында цифрландырылған материалдармен жұмыс істеу тәртібін біліп, зерттеушінің күнделікті жұмысы қандай болатынына қанықты.


«Бүгінгі экскурсия бізге архивтің ел тарихын сақтаудағы маңызын терең түсіндірді. Құжаттармен жұмыс істеу тәртібін көріп, өткеннің қалай зерттелетінін білдік», – деді Медина Сүйіндік.


Айта кетейік, бұл жолы «АрхивSPACE» жобасына 29 оқушы қатысты. Ал жоба алдағы уақытта апталық экскурсиялармен қатар, 2026 жылдан бастап арнайы архивтік модульдік сабақтармен жалғасады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page