Қазақстандық оқушылар FIRST Tech Challenge (FTC) бағдарламасы аясында өткен бірден екі беделді халықаралық робототехника турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жоғары марапаттарға ие болды және отандық командалардың дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді. Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында Western Edge Premier Event 2026 турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 11-ден астам елінен келген 88 үздік команда қатысты. Турнир жас инженерлерді, бағдарламашыларды және құрастырушыларды бірікті