С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарының жалпы рейтингінде өз орнын сақтап қалуда. Университет екінші жыл қатарынан үшінші орынды иеленіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен кейін көш бастап келеді. Басқарма төрағасы және университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуовтің айтуынша, бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалар