Уақыт өз ағысымен алға жылжып келеді. Тағы бір жылды артқа тастап, жаңа белеске қадам басқалы отырмыз. Білім мен ғылым жолын таңдаған қауым үшін бұл тек қорытынды шығаратын сәт емес, атқарылғае іске қорытынды жасап, алдағы күнге үмітпен қараудың шағы. Университеттер мен зертханаларда, аудиториялар мен ғылыми ортада жиналған ой мен тәжірибе, табылған тың шешімдер мен жаңа идеялар елдің ертеңіне қызмет етіп жатыр. Жаңа жыл - ортақ еңбектің қадірін түсініп, келер жылды сеніммен