Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты. Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында орналасқан заманауи білім ошағында 32 бастауыш және 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 6 мың шаршы метр. Білім беру кешені мамандандырылған оқу кабинеттерімен, зертханалармен, мәжіліс залымен, кітапханамен жабдықталған. Мектеп аумағында амфитеатр, с