12 тамыз – Халықаралық Каспий күніне орай Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Таза Каспий: өңіраралық ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті бірлесіп ұйымдастырды. Жиынның негізгі мақсаты – Каспий теңізінің қазіргі экологиялық жағдайын талқылау, табиғи ресурстарын сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және өңіраралық ынтымақ