top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert
Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Тяньцзинь қаласында өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру: өзгерістерді қабылдау, стандарттарды қалыптастыру және ортақ болашақты құру» атты халықаралық конференцияға қатысты, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Kozybayev University: тәжірибелік-бағдарлы оқыту
Kozybayev University, Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университеті және CT Agro компаниясы арасындағы серіктестік 2025 жылы басталды. Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan жобасы аясында «Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар» білім беру бағдарламасының үш студенті Германиядағы Триздорф кампусында 20 апталық оқудан өтті. Бағдарлама қорытындысы бойынша олардың екеуі CT Agro компаниясына жұмысқа орналасты.


Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен ЮНЕСКО ынтымақтастық туралы келісім жасасты
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) Азия-Тынық мұхиты өңірінде жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Токио конвенциясын іске асыруға қолдау көрсетуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісім жасасты, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Түркі мемлекеттерінің Ұлттық тестілеу орталықтары ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалаудың өңірлік жүйесін құру туралы меморандумға қол қойды
«Қарқынды өзгеріс әлеміндегі қабылдау емтихандары» халықаралық конференциясының екінші күні Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның ұлттық тестілеу орталықтары ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ETOTS (English Test for Turkic States) бірлескен емтиханын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды


ҚР Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен алты ел Халықаралық консорциум құру туралы келісімге қол қойды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Түркі әлемі ұлттық ғылым академиялары одағының (UNASTW) Бас ассамблеясының тоғызыншы отырысы өтті. Академияның 80 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған халықаралық жиынның негізгі мақсаты – ғылым академиялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту және ортақ тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеудің басым бағыттарын айқындау,


Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі Түркияның Ұлттық білім министрінің орынбасарымен кездесті
Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов Түркия Республикасының Ұлттық білім министрінің орынбасары Өмер Фарук Йелкенджимен кездесті. Кездесу білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және кәсіби тәжірибе алмасуға арналды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Жұлдыз Сүлейменова Қытай Елшісімен білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті. Тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, оқу процесін цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және педагог кадрларды даярлау мәселелерін талқылады, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды


Астанада College Board SAT | AP Days халықаралық форумы өтіп жатыр
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанада өтіп жатқан College Board SAT | AP Days халықаралық форумына қатысты, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде министр жоғары білім беру жүйесін дамыту, жастардың академиялық мүмкіндіктерін кеңейту және студенттерді даярлау сапасын арттыру үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.


Kozybayev University: денсаулық туралы қамқорлық мәдениетін қалыптастыру
Kozybayev University базасында жастар арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алуға бағытталған Young Health Programme (YHP) халықаралық бағдарламасы іске қосылды. Қазақстан AstraZeneca компаниясының бастамасын жүзеге асыратын елдердің қатарына қосылды. Ал университет елімізде аталған бағдарлама жүзеге асырылатын алғашқы жоғары оқу орны болды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Қазақстан мен Эстония ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
5-9 қазан аралығында Қазақстанда өтіп жатқан Еуропалық комиссияның TAIEX сараптамалық миссиясы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Эстония Экономика және коммуникациялар министрлігінің өкілдерімен кездесті. Миссия ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Еуропалық комиссия арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды


Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып келеді
Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің халықаралық ықпалдастығын кеңейтіп, жаһандық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтып келеді. Бүгінде елімізде 33 шетелдік университеттің филиалы жұмыс істейді, ал қазақстандық жоғары оқу орындары 24 елдің 131 университетімен қос диплом бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Саясат Нұрбек Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасымен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы Хүсейін Караманмен кездесті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық: Ғылым министрі Ақ үйдің OSTP директорымен кездесті
В Киото в рамках 23-го ежегодного форума Science and Technology in Society (STS Forum) состоялась двусторонняя встреча министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек с директором Управления по научно-технической политике Белого дома (OSTP) Майклом Крациосом, передает журнал «Современное образование» со ссылкой на пресс-службу МНВО РК.


Rectors’ Club: Central Asia+ аясында ЖИ дәуіріндегі университеттердің болашағы талқыланды
Астанада «ЖИ-дан кейінгі университеттер: жаңа көшбасшылық, адамдық өлшем және Орталық Азия+ университеттерінің болашағы» тақырыбында Rectors’ Club: Central Asia+ клубының 8-отырысы өтті. Іс-шараны Almaty Management University (AlmaU) және Qazaq AI Research University (QAIRU) ұйымдастырды. Отырыс Қазақстандағы Жасанды интеллект жылы және AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында өтті.


ЖИ, EdTech және бірлескен зерттеулер - SeoulTech-пен ынтымақтастық
Қазақстан-корей ынтымақтастығын ғылым, жоғары білім және кадрлар даярлау саласында дамытудың перспективалық бағыттары туралы «Замануи білім беру» журналы ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Study in Kazakhstan: Қазақстанның жоғары оқу орындары халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің халықаралық тартымдылығын нығайту. «Современное образование» журналы ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Amanzholov University-дің қазақстандық білімді шетелде ілгерілету жөніндегі жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.
bottom of page
