Абай университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академия, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшылығы, стейкхолдерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен педагогикалық қауымдастық қатысты. Мәжілістің негізгі бағыты – білім беру жүйесінде жасанды интеллектті интеграциялау және педагог кадрларын даярлаудың жаңа тәсілдерін