М. Әуезов атындағы ОҚУ делегациясының Басқарма төрағасы Ректор Д.Ахмед Заки бастаған Қытайға жұмыс сапары Шанхай қаласындағы бірқатар ғылыми, білім беру және технологиялық орталықтармен танысумен жалғасты. Бағдарлама Шанхайдың жасанды интеллект, робототехника және заманауи цифрлық педагогика бағыттарында қалыптасып жатқан серпінді экожүйесін жан жақты көруге мүмкіндік берді. Алғашқы нысан Unitree Robotics компаниясы болды. Делегация мобильді және өндірістік роботтардың жаңа б